Құрметті жақындар
мен достар!
Сіздерді өміріміздегі
ең маңызды күндердің бірін
бірге бөлісуге
шын жүректен шақырамыз!
Бұл күнді көңілді, жеңіл әрі ерекше атмосферада өткізгіміз келеді.
Сол себепті кештің басында жылы лебіздер мен ақ тілектерді ең жақын жандарымыз — ата-аналарымыз, ата-әжелеріміз, сондай-ақ аға-әпке,
көке-жеңгелеріміз білдіреді.
Қонақтарымыз үшін арнайы құттықтау форматын дайындадық: фуршет кезінде және салтанатты рәсімнен кейін сіздер өз видео-тілектеріңізді жазып қалдыра аласыздар. Кейін бұл сәттер банкет барысында экраннан көрсетіледі
Сондай-ақ алдын ала хабарлаймыз: мерекеде балаларға арналған жеке анимациялық бағдарлама қарастырылмаған. Сондықтан мүмкіндігіңіз болса, бұл кешті кішкентайларсыз өткізіп, біздің ерекше күніміздің атмосферасына толықтай енуіңізді сұраймыз.
Мерекеміздің стилін қолдап, табиғи әрі ұстамды түстердегі образдарды таңдасаңыздар, біз үшін үлкен қуаныш болады:
Бежевый, қоңыр, зәйтүн түстері + қосымша түстер: қара және көгілдір
Үйлесімді әрі эстетикалық атмосфераны сақтау үшін ашық және неон түстерден бас тартсаңыздар, алғыс білдіреміз
СT Заповедник, 75, Алматы облысы, Талғар ауданы
Сіздерді осы ерекше сәтте жанымыздан көру — біз үшін үлкен бақыт!
14:00–15:00
Қонақтарды қарсы алу, welcome-сусындар, тосттар
15:00
Той салтанатының басталуы
15:15–15:45
Қонақтармен фотосессия
15:45–16:30
Жас жұбайлардың фотосессиясы
Тойға қатысуыңызды
растауыңызды сұраймыз: